Әзірлеушілерге
724.kz REST API негізінде жұмыс істейді — панельдің өзі де сол API-ды пайдаланады. Бұл бетте оның қалай құрылғаны мен бағдарламалық қатынау жоспары сипатталған.
Ағымдағы жағдай
API қазір ІШКІ: оны панель ғана шақырады, сыртқа жарияланбаған. Себебі бағдарламалық қатынау үшін тұрақты аутентификация керек, ал қазіргі сессия токені 30 минутта ескіреді — сценарий жазуға жарамайды.
Сондықтан API-кілттері әзірленуде. Дайын болғанда осы бет жаңарады да, интерактивті құжаттамаға сілтеме қосылады.
Қашан керек болатынын алдын ала білгіңіз келсе, бізге жазыңыз — дайын болғанда хабарлаймыз.
API не істей алады
Медиа жүктеу: сервер уақытша сілтеме береді, файл тікелей сақтау қоймасына кетеді — үлкен видео да бөгетсіз өтеді.
Видео жасау: шаблон, диктор мәтіні, дауыс, брендинг параметрлерін беріп, тапсырма құрасыз. Тапсырма кезекте өңделеді, күйін сұрап отыруға болады.
Жариялау: дайын видеоны қосылған аккаунттарға бірден немесе кесте бойынша жіберу.
Квота: ағымдағы жазылым мен қалған лимитті оқу.
Техникалық негіздер
REST, JSON, OpenAPI сипаттамасы бар.
Аутентификация — Bearer токен.
Ұзақ жүретін әрекеттер (рендер, жариялау) асинхронды: тапсырма құрылады да, күйі бөлек сұралады.
Қателер HTTP кодымен және түсіндірме мәтінімен қайтады.
Шектеулер
Жариялау мүмкіндігі әр платформаның ресми тексеруіне байланысты. Қазір Telegram толық жұмыс істейді.
Квота тарифке байланысты: айлық видео саны, жариялау саны және диктор таңбаларының саны.
Файл өлшемі мен ұзақтығы платформа талаптарымен шектеледі.
Бағдарламалық қатынау керек пе? Жазыңыз — API-кілттері дайын болғанда хабарлаймыз.
info@724.kz